Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әкемнің беделін анам қалыптастырды

Әкемнің беделін анам қалыптастырды

Әке – отбасының тірегі, ақылы, күші. Алайда, іс жүзінде әкенің рөлі мен беделі қалай қалыптасады?

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қунышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі, белгілі әнші Нұркен Өтеуіл Қазақ радиосының «Ақ отау» бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы әкенің беделін қалыптастыратын анасы екенін айтады.

« Менің әкем сырт көзге қарағанда өте қатал кісі көрінеді. Бірақ балажан, соншалықты мейірімді әрі пейілі кең адам. Әкемді анам арқылы таныдым. Олай дейтінім, әкемнің беделін анам қалыптастырды. Әкемізден қорқып, анығын айтқанда аяқ тартып өстік. Анамыз «Әкең келе жатыр» дегенде кәдімгідей қорқатынбыз. Менің идеалым әкем болды. Ол кісіге деген құрметті анамыз тәрбиемен сіңірді...» дейді актер.