Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әкемнің беделін анам қалыптастырды

Әкемнің беделін анам қалыптастырды
Әке – отбасының тірегі, ақылы, күші. Алайда, іс жүзінде әкенің рөлі мен беделі, қадірі қалай қалыптасады?

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артисі, белгілі әнші Нұркен Өтеуіл Қазақ радиосының «Ақ отау» бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы әкенің беделін қалыптастыратын ана екенін айтты.

« Менің әкем сырт көзге өте қатал көрінетін. Бірақ балажан, соншалықты мейірімді әрі пейілі кең адам. Әкемді анам арқылы таныдым. Олай дейтінім, әкемнің беделін анам қалыптастырды. Әкеміздің айтқанын екі етпей, зыр жүгіретінбіз. Анамыз «Әкең келе жатыр» дегенде кәдімгідей қорқатынбыз, дұрысын айтқанда сыйлағанымыздан ғой. Менің идеалым әкем болды. Жалпы, ол кісіге деген құрметті анамыз тәрбиемен бойымызға сіңірді...» дейді бағдарлама қонағы.