Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қай қалада алтын әшекейлер арзан?

Қай қалада алтын әшекейлер арзан?
Қаңтар айынан бастап Қазақстандағы алтын әшекейлердің бағасы 8,8 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz

Соңғы бір айдың өзінде қымбат металдардан жасалған әшекейлер құны 0,3-0,4 пайызға өскен.

Еліміздегі ең қымбат алтын бұйымдар Астана қаласында болып отыр. Астанадан кейін алтынның бағасы Өскемен және Ақтау қалаларында жоғары. Мысалы, Елордада алттынның бір граммы 23 885 теңгені құраса, Өскеменде 18 55, Ақтауда 18 250 теңге. 

Ал, ең арзан алтын бұйымдарды Алматыдан табуға болады. Алматыда алтынның бір граммы 12 166 теңгені құрайды. 

Биыл күмістердің бағасында да өзгерістер бар. Мысалы, күмістен жасалған әшекейлер өткен жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға қымбаттаған. 

Қазақстандағы алтынның барлық қоры қазіргі уақытта 7 643 трлн долларға бағаланып отыр (алтынның үштік унциясын 1 256 доллар бағамы бойынша есептегенде). Айта кетейік, әлемдегі алтын қорының 35 пайызы (2, 600 трлн доллар) қазіргі уақытта нарықта сатылуда.