Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Раушан гүлін сыйға емес, емге қолдану керек

Раушан гүлін сыйға емес, емге қолдану керек
Раушан тек гүл ретінде ғана емес, ем ретінде де қасиетті. Жүйке жүйе әлсіздігінен болған ауруларға, асқазан ауруларына, жаңадан қабынған гастриттерді емдегенде раушан гүлінің пайдасы зор.

Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Руспубликасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтынжүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы раушан гүлінің емдік қасиетін айтып берді.
«Медицинада суға қайнатып береді. Ал, енді әйел адамдарының көбінде етек кірінің қалыпсыздығы, яғни аз келуі, қан жүйесінің әлсіздігіне осы гүлдің көмегі көбірек тиеді. 10-20 күн 15 грамнан қайнатып ішеді. Осыны ішкен кезде қанның түсі өз қалпына келетіні дәлелденген. Одан бөлек, іш қатқан кезде жас раушан гүлін қайнатып ішкізеді. Кейбір жүрмей қалған дәреттерді жүргізеді. Одан кейін, ауыз қуыстарының кеуіп, жарылған кезде осы раушан гүлімен шайып жатады. Дененің сыртындағы іріңді қотырларға, жараның ауыздарына осы раушан гүлін кептіріп, сол жараларға жапсырса, таптырмайтын ем. Іріңдері тез қайтып, жараның тыртықсыз қалуына көмектеседі. Сондықтан, раушан гүлін адамдар арасында сый ретінде емес, емдік қасиетіне қарай бағалауға болады» - дейді академик.