Бақбақ гүлінің емдік қасиеті қандай?

Бақбақ гүлінің емдік қасиеті жайлы Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Руспубликасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы айтып берді.
"Бұл ортасында анолы қуатты сұйықтығы бар ерекше табиғаттан берілген шөп. Бұны ең алдыменен 100 грамм жасыл жапырағын тұзды суға бықтырып, оның 50 грамына жуа және 25 грамына ақжелекті қосып, өсімдік майымен ішкізіп отырса, адамның иммунитет қуаты мықты болады. Сонымен қатар, рак ауруының алдын алуға болады. Бақбақтың негізгі қасиеті тамырында. Құрғақ күйінде шайнап жеп, артына суық су ішетін болса, адам денесіндегі қандық диабеттен болатын ауруларға, иммунитеті әлсіз адамдарға, көктем кезінде әлсірейтін адамдарға көп қолданады".