Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сарымсақтың емі қандай дерттерге дауа?

Сарымсақтың емі қандай дерттерге дауа?
Сарымсақтың емін ата-бабаларымыз байырғы заманнан білген. Оның иісінің өзі тұмаудан, суықтан, түрлі микроптан сақтайды.
Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Руспубликасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы сарымсақтың емдік қасиеті жайлы айтып берді.

«Емдік қасиеті бойынша мұның сұйықтығын ішкізсе, қан тамырларындағы ауруларға шипа. Яғни, қанның жабысқақтығын жоғалту үшін, сұйылту үшін қолданады. Және сарымсақ табиғи иммунитетті көтереді, рак ауруының алдын алады. Байқасаңыздар, Индияның фильмдерінде сарымсақты мойынға моншақтап, іліп алады. Іліп алатын себебі, иісі арқылы көп микроптардан сақтану. Сарымсақты жиі тұтыну керек. Ересек адамдар күніне 2-3-тен тұтынып отырса, адамның ішкі қуаттылығының күштілігіне, қанның сұйылып, жақсы жүріп отыруына өз септігін тигізеді».