Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Домбыра әні арқылы ноғайды таныттым

Домбыра әні арқылы ноғайды таныттым
Бүгінде түркі еліне танымал «Домбыра» атты бір ән бар.  Тыңдай қалсаң өн бойыңды шымырлатып, ерекше күйге бөлейтін, дүлдүл мініп, құрыш сауыт киіп, болат садақ асынып кең-байтақ қыпшақ даласын ендей шапқан батыр елестейді. Тіпті ол әнді түрік халқының билік партиясы – АҚ партия (Әділет және даму) 2014 жылғы сайлаудағы партиялық насихатына қолданған. Себебі домбыра үні де, әннің сөзі де адамға серпін, рух береді.

Домбыра әнін Түркияда Қазақстандық деп таныстырылып жүрген Ноғай қанды, Астана қаласындағы "Ноғай мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арсланбек Сұлтанбеков шығарып, өзі орындап жүр.
«1999 жылы домбыра әнін бір жарым сағаттың ішінде жаздым. Кейін ол интернетте кеңінен таралып кетті. Алладан келген өнерге таласпадым, Түркінің бәрі жырласын деп қызғанбадым. Кейін Түркияда бұл ән сайлауда орындалып, тарады. Түркия Президенті Ердоғанның өзі сайлауда 2 млн халықтың алдында "домбыра әнінің авторы арамызда" деп мені атады. Соның өзі мен үшін мақтаныш! Мемлекетіміз болмаған соң тарихты білмеген адамдар ноғайды башқұрт немесе татар деп шатастырып жатады. Бірақ кейін осы «Домбыра» әнінен соң әсіресе, Түркияда көп адам ноғайды танып біле бастады» дейді Арсыланбек мырза Қазақ радиосының «Бәйтерек» бағдарламасына берген сұхбатында.