Жусан қандай ауруларға ем?

Жусанды жаздың тамыз айында жинап, сол кезде емге көбірек қолданады. Қымызды ашыта алмағанда, осы жусанмен ашытып жатады. Және кептірген түрінде қолданады. Кептірілген кезде талқандап, адамдардың буынына, нервтік жүйеде тұрып қалған тұздарға жағады.
Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы жусанның емдік қасиеті жайлы айтып берді.
«Оны арнаулы ақ дәкеге салып, қайнатып ваннаға салып қояды. Бұның мөлшері адамның ауыр салмағына байланысты. Сосын кіндіктен төмен қарай салу керек. Бұл шөпті өздігінен біліп, жас шамасына қарамай, аурудың әлсіз қуаттығына қарамай істейтін болса, көп адам уланып қалады. Ғылыми түрде өз дозасымен істеткен жөн».