Аршаның қандай емдік қасиеті бар?
«Аршаның қасиеті қыл аяғы мен оның жапырағында емес - бұтақтарында. Аталарымыз бұрын бұтақтарын емге көп қолданған. Тіске құрт түссе, тісі қақсаса, аршаның жонын алып, тісін шұқып, тазалап отырған» - дейді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасына берген сұхбатында.
«Бұрыңғы ақсүйектер үнемі аршамен тісін тазалап, ағартып отырған. Аршаның күйген күлін жараға сеуіп, емдеген. Оның жерден алатын энергиялық қуаты көп. Ұзақ уақыт бойы ауырып, орнынан тұра алмай қалған адамдардың жанына аршаның өзін кесіп қоятын. Киіз үйлерде құрт құмырсқа келмеу үшін осы аршаны пайдаланатын. Біздің ата-бабаларымыз осының бәрін қолжазба күйінде, ауыз әдебиеті арқылы сақтап келді».