Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат
Бала күнінен ата-әжелерінің ертегілері мен батырлар жырын естіп өскен аға буын өкілдердің ана тіліне жатық әрі салтымызбен ұлттық қасиеттерімізді кие тұтып, еліне адал қызмет етіп жүргенін жақсы білеміз. Сондай халық ауыз әдебиетінің кәусар бұлағымен сусындап өскен бүгінгі ата-әже, аға-апалар немерелеріне ертегі айта ма екен?

"Сол ертегілерді тыңдайтын бала жоқ", "Ертегілер ескінің қалдығы", "Бүгінгі балалардың сана-сезіміне ертегі әсер етпейді" дейтін пікірлер де жоқ емес. Алайда, көнеден бүгінге жетсе де ертегілер тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Бұған ертегілердің ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел.

Зор адамгершілікті, сүйіспеншілікті, ерлікті, ақыл-парасаттың небір керемет үлгілерін суреттейтін ертегілерді халықымыз аса жоғары бағалап, халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды. Сондықтан санасын компьютер, теледидар, телефон, интернет жаулап алған балаларды одан аластаудың бірден-бір жолы- ертегі тыңдауға баулу. Ертегілердегі алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттері, олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істері балаларға өнеге болары хақ. 

Ендеше Қазақ радиосы әр күн сайын кешкі 20:40 та балаларға арнап "Ертегі" ұсынады. Бүгін "Ғажайып тон" ертегісі беріледі.