Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асхат Садырбайға 45 сұрақ

Асхат Садырбайға 45 сұрақ
Танымал телжүргізуші, журналист, продюсер Асхат Садырбай Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 45 сұрақ.
  1. Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз? - Күйгелек, еңбекқор, білімсүйгіш.
  2. Сүйікті сөзіңіз? - Шүкір.
  3. Ұнатпайиын сөзіңіз?- Болмайды.
  4. Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? - Асик.
  5. Жасырын білмейтін қабілетіңіз?Жоқ.
  6. Соңғы рет барған еліңіз?Түркия.
  7. Барғыңыз келетін қала?Сеул.
  8. Алматы ма Астана ма?Астана.
  9. Астана ма Шымкент па?Шымкент.
  10. Өзіңіздің бойыңызда жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі?Жылдам оқу және тез есте сақтау.
  11. Өзіңізбен үнемі бірге алып жүретін үш зат? Ұялы телефон, Үйдің кілті, жеке төлқұжат.
  12. Сіз ойнай алатын музыкалық аспап?Домбыра.
  13. Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды таңдар едіңіз?Мысық.
  14. Өз бойыңыздағы үш жаман қасиетіңіз? – Сенгіштігім, ашушаңдық, ұйқыны жақсы көрмейтінім.
  15. Сүйікті мақалыңыз?Мансап сайын береке.
  16. Сүйікті әніңіз?Сағынып жүрмін.
  17. Ер адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет? – білімді, еңбекқор,бірсөзді.
  18. Әйел адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет?адалдық, білімділік, сұлулық.
  19. Ең сүйікті кітабыңыз?Оралхан Бөкейдің шығармалары.
  20. Сізге үлгі болар ғашықтар?Менің ата-анам.
  21. Қайрат Нұртас па Ғалымжан Молданазар ма? -Қайрат Нұртас.
  22. Ең сүйіті фильміңіз?«Хатико».
  23. Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә, ұнатамын.
  24. Ессіз аралға өзіңізбен бірге алып кететін үш зат? – Телефон, кітап, карточка.
  25. Сіз үшін Қазақстандағы №1 тележүргізуші кім? – Зейін Әліпбек.
  26. Ең сәтсіз сұхбат? – Димаш Құдайберген.
  27. Кімнен сұхбат алуы армандайсыз? – Елбасыдан.
  28. Арманыңыз? – Әр қазақ бақытты болсын деген арман.
  29. Өз түр келбетіңізден нені өзгертер едіңіз? – Ештеңе өзгертпеймін.
  30. Кино әлде кітап? – Кітап.
  31. Еуропа әлде Азия?Азия.
  32. Ауыл әлде қала? – Ауыл.
  33. Мектепте ұнатпаған пәніңіз? – Барлығын ұнаттым.
  34. Ең бағалы автограф? – Студент кезімде Саят Медеуов, Мейрамбек Беспаев.
  35. Кіммен сэлфи жасағыңыз келеді? – Елбасымен.
  36. Қандай тілдерді білесіз? – Қазақша, орысша, өзбекше, алылшынша.
  37. Қай ғасырда өмір сүріп көргіңіз келеді? – ХІХ ғасыр.
  38. Басты мақсатыңыз? – Адам болып өту.
  39. Сүйікті тағамыңыз? – Қазақтың тағамдары.
  40. Моника Белуччи әлде Анджелина Джоли? - Моника Белуччи.
  41. Ақшаны ұстай аласыз ба? – Жоқ.
  42. Ең соңғы алған смс? – «Құрметті достар! Қолдап жіберіңіздер» - деп тұр.
  43. Бүгінгі күннің батыры? – Серік Исматов.
  44. Сүйікті кино актер? – Безруков.
  45. Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Ғұмырлы бол, тұғырлы бол.