Сіз білмейтін статистика

Түрлі сандар мен статистиканы көргенде, не істейсіз? Көбінесе, адамдар оған мән бермейді. Бүгін олай бола қоймас. Бүгін біз сізге қоршаған орта жайлы қызықты сандар мен статистика ұсынамыз. Мәселен, АҚШ-та әр күн сайын 1700 адам миллионер атанатынын білесіз бе? Сенбі күні сәбилер дүниеге ең аз келетінін ше?!
1) Өмір бойы Жерді 4,5 рет айналып шығуға болады
Орта есеппен адам күніне 7500 қадам жасайды, соған қоса адамның орташа өмір сүру уақыты - 80 жыл. Осы зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар адам өмірінде 180 мың километр жүргенін есептеген. Мұндай көрсеткіш Жерді экватор бойынша 4,5 рет айналып шығуға мүмкіндік береді.
2) АҚШ-та адамдар күніне 4 сағаттан артық теледидар көреді
АҚШ азаматтары әр күнінің 270 минутын теледидар көрумен өткізеді екен. Бұл тізімнің 2-орнында Польша мемлекеті 264 минут көрсеткішімен тұрса, көршілес Ресей федерациясы 5-орында(248минут).
3) Сенбі - балалар дүниеге ең аз келетін күн
Статистер ең көп бала дүниеге келетін күнді де есептеп шығарған. 12,8%-бен бірінші орында бейсенбі күні болса, екінші орында 11% дүйсенбі алған екен. Туу көрсеткіші ең аз күн сенбіге тиесілі.
4) 90% хаттар - спам болады
Cisco компаниясының мәлімдеуінше, электронды почтамен жіберілетін хаттардың 90%-ы спам екен.
5) Дания - аналар ең көм жұмыс істейтін мемлекет.
Статистикаға сүйенетін болсақ, Данияда баласы бар әйелдердің 82% қалыпты кестеде жұмыс жасайды. Бұл рейтингте Даниямен бірге Швеция, Нидерланды, Словения тұр. Грецияда жұмысшы аналардың саны 50%-дан төмен.
6) Макдоналдс секундына 75 бургер сатады
Ең танымал жылдам тамақтану мейрамханаларының бірі Макдоналдста 1 секундта 75 бургер сатылады екен. Соған қоса, мейрамхананың белгілі бір уақыт аралығында қанша тағам сатылып, қанша адам келгенін есептейтін сайты бар.
7) АҚШ-та әр күн сайын 1700 адам миллионер атанады
Әлемде миллионерлер саны біз ойлағаннан гөрі көбірек. АҚШ-та жылдық табысы 1 миллион доллар болатын 8 миллионға жуық үй шаруашылықтары бар.