Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жадыра Сахиеваға 45 сұрақ

Жадыра Сахиеваға 45 сұрақ
Танымал дизайнер Жадыра Сахиева Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 45 сұрақ.
  1. Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз? – Жарық, жеңіл, жақсы..
  2. Сүйікті сөзіңіз? – Мен сені сүйемін.
  3. Ұнатпайтын сөзіңіз?Ондай сөз жоқ.
  4. Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? – Жадико, жан.
  5. Жасырын білмейтін қабілетіңіз? – Үйді жақсы жинаймын.
  6. Соңғы рет барған еліңіз? – Египет.
  7. Барғыңыз келетін қала? – Америка.
  8. Алматы ма Астана ма? – Астана.
  9. Өзіңізді еркін сезінеті қала? – Сарыағаш.
  10. Өзіңіздің бойыңызда жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі? – Ән айту.
  11. Өзіңізбен үнемі бірге алып жүретін үш зат? – Куәлік, сантиметр, әмиан.
  12. Сіз ойнай алатын музыкалық аспап? – Домбыра, фано.
  13. Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды таңдар едіңіз? – Пантера.
  14. Өз бойыңыздағы үш жаман қасиетіңіз?– Ашулану, ұйықтағым келіп жүреді, күмәндәну.
  15. Сүйікті мақалыңыз? – «Ит үреді, керуен көшеді».
  16. Әлемдік аренадағы сүйікті әншіңіз? – Димаш Құдайберген.
  17. Қандай сәтте өтірік айтасыз? – Менің ұжымым үлгермей жатқан кезде.
  18. Әйел адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет?– Кішіпейілділік, ер азаматты сыйлау, әр уақытты бағалау.
  19. Ең сүйікті кітабыңыз? – Абайдың қара сөздері.
  20. Сізге үлгі болар ғашықтар? – Қыз Жібек пен Төлеген.
  21. Сүйікті спортшыңыз? – Геннадий Головкин.
  22. Ең сүйікті фильміңіз? – «Титаник», «Аватар».
  23. Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә.
  24. Ессіз аралға өзіңізбен бірге алып кететін үш зат? – Денеге жағатын майлар, аяқ киім, көзілдірік.
  25. Әлемдік аренадағы ең үздік 3 бренд? – Валентин Юдашкин, Дольче Габбана, Сергей Шабунин.
  26. Ешқашан да бұл дизайнердің киімін Жадо ханым кимейді. Ол кім? – Мүмкін емес дүние.
  27. Ешкім білмейтін сырыңыз бар ма? – Бар.
  28. Арманыңыз? – Бүлдіршіндерімді Америкаға апарып көрсету.
  29. Сүйікті әншіңіз? – Мадина Сәдуақасова.
  30. Кино әлде кітап? – Кино.
  31. Еуропа әлде Азия? – Азия.
  32. Ауыл әлде қала? – Екеуі де.
  33. Мектепте ұнатпаған пәніңіз? – Дене шынықтыру.
  34. Ең бағалы автограф? – Жоқ.
  35. Кіммен сэлфи жасағыңыз келеді? – Елбасымен.
  36. Қандай тілдерді білесіз? – Қазақша, орысша, түрік, ағылшынша.
  37. Қай ғасырда өмір сүріп көргіңіз келеді? – ХХ-шы ғасыр.
  38. Сізге сәттілік алып келетін сан? – 8 саны.
  39. Сүйікті тағамыңыз? – Бешбармақ.
  40. Драма әлде комедия? - Комедия.
  41. Өз жұмысыңызға беретін бағаңыз? – 8.
  42. Ең соңғы алған смс? – Асхат Садырбайдан.
  43. Бүгінгі күннің батыры? – Асхат Маемиров.
  44. Сүйікті кино актер? – Джейсон Стэтхэм.
  45. Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Халқымыз аман болса, бәрі тамаша болады.