Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Кеңес өкіметі кезінде бұл мейрам 1962 жылы 9 сәуірде Жоғарғы совет президентімен тағайындалған. Ғарышкерлер күні атты атаумен аталып өтеді. Бұл мерекені Екінші ғарышкер ұшқыш Герман Титов ұсынысы бойынша орнатылған жәнеде Герман Титов ЦК КПСС-қа бұл орнықты идеясына 1962 жылдың 26 наурызында назар аудартқан болатын.
Совет ғарышкері Юрий Гагарин 1961 жылдың 12 жұлдызында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Восток-1» атты кораблімен алғаш жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Кеңістіктегі бұл шолу 108 минутқа созылған.
Әлемдік авиация федерациясының генералды конференциясында 61-й протоколына байланысты, дәл осы күні Бүкіл әлемдік авиация мен ғарышкерлер күні мерекесі тойланады. Бұл шешімді 1968 жылдағы қараша айында өткен жиналыста қарастырып, 1969 жылдың 30 сәуірінде қабылданған және Авиация спорты федерациясында жарыққа шыққан.
Ғарышқа алғаш не ұшты?
1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.
Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.
Ғарышты бағындырған қазақтың үш алыбы
Ал Қазақ даласында орналасқан осы ғарыш айлағынан қазақ азаматын ұшыру туралы сөз болған жоқ. Себебі КСРО-ның құрамындағы мемлекеттер үшін ұлтқа немесе мемлекетке бөлінушілік болған емес. Дегенмен адамзат ғарыш кеңістігін бағындырған 1961 жылдан 30 жылдан кейін 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы
Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев еді. Адамзат алғаш ғарышты бағындырудан он жыл бұрын дүниеге келген Талғат Амангелдіұлы — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты.
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл - біздің елдің, біздің халықтың, біздің ұлттың жетістігі.
Бүгінгі мереке құтты болсын!