Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жарнама жайлы қызықты фактілер

Жарнама жайлы қызықты фактілер
Жарнама – қозғалтқыш прогресс. Келіспейсіз бе? Бірақ, дәл осы жарнама бізге жаңа гаджеттерді, брендтерді тануға мүмкіндік береді. Біз сіздерге жарнама жайлы 10 қызықты факт дайындадық.

Бірінші факт: Жарнамаға жыл сайын әлемде жалпы 500 миллиард доллар жұмсалады.

Екінші факт: 60 жыл өмір сүрген адам 2 миллионнан астам түрлі жарнамалық роликтерді бірнеше рет қарап үлгереді.

Үшінші факт: Бірінші жарнамалық қалқан Америкада 1900 жылы ілінген.

Төртінші факт: Қарапайым бала жылына теледидардан 40 мыңға жуық жарнамалық роликтерді қайталап қарайды.

Бесінші факт: Балалар тауарларымен байланысты барлық жарнама, балалардың сол тауарды алуы үшін алып келетін ниетіне, жылауына есептелген. Балалардың сол заттарды жылап сұрауы компаниялардың баюына көмектеседі.

Алтыншы факт: Мальборро ковбойы жайлы ең атақты жарнама(темекі маркасы) алғаш рет 1955-ші жылы шықты. Ал сол жарнамаға түскен барлық актерлер, кейінірек өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған.

Жетінші факт: Көптеген ғалымдар «Жарнама - өнердің бір түрі» деп санайды.

Сегізінші факт: Қол сағат жарнамаларына жақсылап мән беріңіздер. Байқасаңыздар Олардың бағыттамалары әрқашан10 сағат, 10 минутқа орнатылды. Бұл жарнамаға қараушыларды өзіндік еліктеп күлдірту үшін жасалған амал.

Тоғызыншы факт: Жарнамалық тауарларды сатып алу адамдарға өзіндік сенімділік қосады. Бұны дәлелдеу үшін арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізілген

Онынышы факт: Ешқашан жарнамаға нақты сенуге болмайды.