Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Париж жайлы не білесіз?

Париж жайлы не білесіз?
Әлемдегі маxаббаттың отаны саналатын Париж қаласының негізі 2000 жыл бұрын қаланған. Бүгінде Париж әлемдегі туристер ең көп келетін қалалардың бірі. Жылына 25 млн туристер жер жерден келеді. Біз сіздерге Францияның астанасы жайлы ең қызықты фактілер ұсынамыз.
1. Париждегі құбырлардан ішуге жарамды су ағады. Еуропадағы астаналармен салыстырғанда Париждің айырмашылығы осында.
2. Парижде ең көне көпір 16ғ салынған. Қызығы, бұл көпірдің бүгінгі атауы "Жаңа көпір".

3. Әлемдегі ең көп баратын Лувр мұражайы Парижде орналасқан. Жыл сайын Луврға 5 мллнан астам туристер келеді.
4. Алғашқы стриптиз биі Париждің атақты МуленРуж кабаресінде орындалған. 1983 жылы Мона атты биші билеген. Бұл би үшін оған 100 франк айыппұл салған.

5. Париждің метросі әлемде ең көп жолаушы таситын метролар тізімінде. 6-шы болып орналасқан.
6. Ең алғашқы қоғамдық көлік париждік тұрғындарға қызмет еткен. Бұл оқиға 1662 жылдың наурыз айында орын алған. Авторы Блез Паскаль.

7. Әлем xалықтарының ішінде үй жануарларын дәл осы париждіктер ең көп асырайды. Оған қоса тек Францияда қоғамдық орындардың әрбір жерінде итпен бірге жүруге болады. Тіпті мейрамxаналар да рұқсат етеді.