Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кедей отбасынан шыққан Голливуд жұлдыздары

Кедей отбасынан шыққан Голливуд жұлдыздары
Қызыл кілем, жоғары қоғам, миллиондаған жанкүйерлер – оларда бірден болған жоқ. Олардың көбі өнер жолының алдында өте кедей тұрған. Бүгін біз сіздергедаңқты жолын кедейліктен бастаған жұлдыздар жайлы айтпақпыз.

Сара Джессика Паркер әрдайым осындай өте әдемі болды деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Сара Огайо штатының Нельсонвилл қаласындакедей отбасында дүниеге келген. Ән айту мен киноға түсуді Сара өз отбасына көмектесу мақсатында бастаған. Ал бүгінде ол атақты актриса.

Әзіл жанрында көп түсетін актер Джим Керри де дүниеге кедей отбасында келген. Актердің отбасы туыстарының көк шалғында орналасқан вагонында тұрған. Джим өз болашағына ешқашан күмәнданған емес. Бүгінде Джим миллиондардың кумирі екені сөзсіз.

Леонардо Ди Каприо Голливудта өссе де бай болған жоқ. Ал, бүгін "Оскар" сыйлығының иегері және мультимиллионер.

Джастин Бибер нашақорлар отбасында өмір сүрген. Джастиннің кішкентай кезінде әкесі отбасын тастап кеткен. Ол анасымен лашықта егеуқұйрықтармен тұрған. Үйлеріндегі тоңазытқыш ешқашан тамаққа толы болмаған. Ал, Джастин ескі диванда ұйықтаған.

Сондықтан, егер сізге кедейлік деген сөз таныс болса еңселерің түспесін. Мүмкін, сіз үшін болашақта миллионер атанатындай белгілі бір миссия дайын тұрған шығар.