Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Сарыарқаны» 500 домбырашы орындайды

«Сарыарқаны» 500 домбырашы орындайды
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 500 домбырашыдан құралған оркестр «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін орындайды. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Флешмоб қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылады.

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды шараға музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатысуға болады. Ашық аспан астында өтетін мерекелік флешмоб кезінде қазақ ұлттық музыкалық аспабының керемет үні жиналған қауымның жүрегін тербеп, рақатқа бөлейді.

Флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефонын қалдыру керек. Айта кетейік, сондай-ақ сайтта шараның өткізілуіне неше күн қалғаны көрсетіліп отырады. Шара 1 мамырда сағат 15:00-де өтеді.

Сонымен қатар, флешмобқа белгілі айтыскер ақындар да қатысады. Жандарбек Бұлғаков пен Сара Тоқтамыс қонақтарды өз шеберліктерімен тәнті етпек.

Бұдан басқа, «NOMAD» инструменталды жобасы өзінің танымал композицияларын орындайды.