Атастыру бүгінгі қазаққа қажет пе?

«Бүгінгі жастарымызға өте қажет дәстүр. Себебі дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Бұл отбасы құндылығын дәріптеу. Бүгінде статистика мәліметіне жүгінсек сүр бойдақтардың саны 3 млн екен. Қазір, ажырасу деген қоғамның қасіреті бар. Ажырасу бойынша әлемде 9-шы орындамыз. Мен жастардың арасында сауалнама өткіздім. Негізі, бүгінгі жастардың атастыруға деген көзқарасы оң. Аудиторияның 90% қолдайды» - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессоры Зәуреш Ермекқызы Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасына берген сұхбатында.
«Бұл дәстүрдің 1-ші қызметі жар таңдауда жастарға құқық берілмеген. Халқымыз бұл құқықты шектеп қойған екен. Осы жерде ата-ананың құқығын көтеріп қойған. «Он үште - отай иесі» дейді. Мұның да мағынасын осыған әкеліп тіреуге болады. Яғни, он үштен бастап отау иесі болуды түсіндіру. Қазақта «тең-теңімен, тезек қабымен» дейді. Екі отбасы атастырар кезде өздерінің әлеуметтік жағдайларын қарау керек. Екіншіден, тәрбие мәселесі. Қыз мінезді, ұл өнерлі болу керек. Ұлдар мінезді қыздардан қорқады. Ұлдың өнерлі болуын қамту, қызды мінезді болуын ұлдың санасына сіңіріп отыру керек. Негізі, әйел адам мықты болса ер адам да мықты болады» - дейді профессор.