Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Психикалық аурулар тұқым қуалай ма?

Психикалық аурулар тұқым қуалай ма?
Психикалық денсаулық мәселесі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Әлемдегі мүгедектіктің негізгі факторы да психикалық денсаулық пен мінез-құлық мәселелері болып отыр.  Ппсихикалық аурумен ауыратын адамдар дүниежүзі халқының бір пайызын құраса, бұл көрсеткіш бойынша біздің ел басқа елдерден еш ерекшеленбейді, бізде де есепте тұрған науқастар саны аз емес екен. 

Мамандардың пікірінше, психикалық аурулардың, мазасыздану мен стрестің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, адамдардың нашаға, ішімдікке, əртүрлі құмар ойындарға тəуелді болуынан орын алған. Жəне де көктем, күз айларында адам бойындағы психикалық аурулар қозып, анық байқала бастайды екен.

Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санаттағы психиатр дəрігер Төлеуғазы Саратбайұлы Бокашев Шалқар радиосының  "Денсаулық" бағдарламасына  берген сұхбатында айтып берді.