Мысықтар жайлы сіз білмейтін ақпарат

Бүгінгі таңда мысық адам баласының сүйікті үй жануарына айналған. Тіпті Пайғамбарымыз да мысықты жақсы көрген. Оның өзіндік себептері де бар. Мысық өте ақылды жануар екені бәріне мәлім. Төменде мысықтың тағы да өзге қырларын ашамыз.
1) Мысық табиғатынан өте жалқау. Күніне 16 сағат ұйықтайды.
2) Жасы үлкен мысықта 32 тіс болады.
3) Мысық үйдегі есіктердің барлығы ашық болғанын қалайды. Жабық бөлмеден мысықта қорқыныш сезімі пайда болады.
4) Мысық сөйлескенді ұнатады. Оған көп көңіл бөлген сайын ол да жауап қайтарады.
5) Мысық адамға қарағанда иісті 14 есе күшті сезеді.