Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемдегі бойы ең ұзын 10 адам

Әлемдегі бойы ең ұзын 10 адам
Шын алыптар тек ғана ертегілерде емес, сондай-ақ біздің арамызда да өмір сүреді. Бұл қарапайым бойы ұзын адамдар. Кейбіреулері тіпті Гиннеса кітабына енген. Олардың бойы көпшіліктің ортасынан ерекшелендіріп ғана қоймай, денсаулығына байланысты көптеген қиындықтар тудырған. Көптеген осындай "алыптар" ұзақ өмір сүрмейді, біз оларды тек суреттен ғана көре аламыз.

Топ ондықты АҚШ-тағы Айова штатының тумасы Бернард Койн ашады. Коеннің бойының ұзындығы шамамен 250 см болған. Ол небәрі 24 жасында дүниеден озған. Американдықтың аяқ киімін арнайы тапсырыспен жасататын. Бірінші дүниежүзілік соғыста, Коен әскер қатарына қосылғысы келгенімен, одан бас тартқан.


Тоғызыншы орында 10 жасынан бастап тез дамып, 249 сантиметрге дейін өскен Дон Келер. Оның егіз әпкесі болған. Бірақ, оның бойы қарапайым 175 сантиметр. Дон 60 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды.


Индиялық Викас Аппал сегізінші орынға ие болды. Оның бойы 251 сантиметр. Ол кеңестік дәуірде ең бойшаң адам болғанымен, өкінішке орай рекордтар кітабына енгізілмеген. Викас небәрі 21 жыл өмір сүрген.
Жетінші орын түркиялық Сұлтан Кесенге бұйырды. Оның бойы 251 сантиметр. Бүгінгі таңда бұл ең үлкен адам.


Алтыншы орында канадалық Эдуард Бопре. Ол өте мықты болған адам. Соның арқасында циркте өнер көрсеткен. Бопренің бойы 251 сантиметр. Өкінішке орай өмір сүру ұзақтығы небәрі 23 жасты құрады.


Финляндиялық Вэйно Мюллирине 251 см бойымен бесінші орынға жайғасты. Вэйно шамамен 55 жылөмір сүрген. Ол әскерде қатар жұмыс істеп, ел арасында атақты болған.


Украинаның тумасы Леонид Стадник төртінші орында. Оның бойы 257 см. Ленидтің бойы миына операция жасағаннан кейін өсе бастаған. Стадник мал дәрігері болып қызмет етті. Леонид 44 жасында миына қан құйылып дүниеден озған.


Үшінші орында американдық Джон Кэрролл. Джонның бойы 263 см. Ол жасөспірм кезінде тез өсе бастаған. Кэрролл 1967 жылы 40 жасында дүниеден озды.


Тағы бір американдық Джо Роган екінші орынға ие болды. Оның бойы 268 см. Джо отбасында 12-ші бала болған. Оның өсуі 13 жасында басталды. Джо бойының ұзындығының арқасында адамдармен фотоға түсіп ақша тапқан. 20 жасында-ақ Роган біреудің көмегінсіз жүре алмай, ал оның бойының өсуі дүние салғанға дейін жалғаса берген.


Біздің ондықты қорытындылайтын ең ұзын адам - ресейлік Федор Махнов. Федордың бойы бойы шамамен 3 метр (285 см.) болған және рекордтар кітабына енген. Сонымен қатар оның отбасы мүшелерінің де бойлары ұзын болған. Федор бойының арқасында саяхаттап,циркте өнер көрсеткен. Федор 34 жасында Ресейде дүниеден озған.