Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақы киіну тренд, Самғаудың етігі бренд

Қазақы киіну тренд, Самғаудың етігі бренд
Бүгінде қазақы киіну трендке айналып келе жатыр. Ата-бабамыз саптама, мәсі кигені есімізде. Бүгінде осы аяқ киім түрлерін заманауи қазақы нақышта тігіп, елге өзінің кішігірім үлесін қосып жүрген Самғау Нәсіпхан Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасында өзінің ұлттық бренді жайлы айтып берді.

«Менің кәсібім БАҚ өкілдерінің арқасында насихатталып жатыр деп айтсам да болады. Қазіргі бауырларымыз етікші десе ұялып, намыс көреді. Бірақ, елбасына етік сыйлап, бұл салада азды-көпті жетістікке жетіп жүргеннен кейін жастардың қызуғышылығы оянуда.

Мен өзімді дәл осы салада тапқан адаммын. Етік тігіп, осы жолда тынбай еңбек етіп, осы салада тұлға болып, етік тігу өнерінде із қалдырсам деген ойдамын. Брендке айналдыру мақсатында атымды Самғау деп айтып жүрмін. Бүгінде 30-40 милионның жобасын бастап, іске асырып жатырмыз. Одан бөлек етік тігуді үйренім деген жастарға шағын курстар ұйымдастырып жатырмыз. Бүгінде оншақты жігіт осы саланы үйреніп, өзінің жекеменшік бизнестерін ашып жатқандар бар» - дейді жас кәсіпкер.