Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жарас Сәрсек: Поэма жанры жоғалып кетті

Жарас Сәрсек: Поэма жанры жоғалып кетті
Қазіргі заман шындығын жырға қосатын ақындар қатары аз.

Жанына қалам мен қағазды серік еткендер адам тағдырын, белгілі бір оқиғаны өлеңге арқау етпейді.

Әдебиеттің аға буыны поэма жанры жоғалып кетті деп дабыл қағады.

Эпостық жанрдың бұр түрін қаламгер Жарас Сәрсек Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында сөз етті.

«Бізде әлі күнде дейін поэма оқылады ма? Оқылмайды ма? Роман оқылады ма? Оқылмайды ма? Осы сауал ақындарды да мазалайды. Жанрлары бөлек болғанымен, екеуі де бір әдебиет қой айналып келгенде. Екеуінің қозғайтын тақырыбы бір. Отанын ойлау, оқырманын ойлау, халқын ойлай, соған барынша рухани бағытта қызмет ету біздің міндетіміз. Қазір поэзия жанрына поэма жанры кіріп кетті. Поэма жанры жоғалып кетті. Мүлдем жоқ. Бұл енді шығармашылық адамның өзіне де байланысты шығар деп ойлаймын. Поэма жанры өте ауыр жанр. Мынадай қым – қуыт, ақпарат заманында шығармашылық адамның өзі поэма жазуға төселе қойған жоқ. Осы заманның поэмасын жазуға бейімделе қойған жоқ. Оған көп уақыт керек. Одан кейін орасан зор күш қуат керек»,- дейді ақын Жарас Сәрсек.