Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балалар ойлап тапқан ғажап дүниелер

Балалар ойлап тапқан ғажап дүниелер
Балалардың қиялында шек жоқ екені бәрімізге белгілі. Дегенмен, күнделікті өмірде қолданып жүрген заттардың кейбірін балалар ойлап тапты десе күмәнмен қарауымыз мүмкін. Тіпті кей кезде ересектердің жылдар бойы жасаған еңбегіне қарағанда балалардың ойлап тапқан дүниелерінің пайдасы көбірек болады.

17 қаңтар – бүкіләлемдік балалар өнертабыстарының күні. Бұл күні дүниеге 12 жасында қолға арналған ескектер мен электр қуатының оңжәне теріс белгісін ойлап тауып,оған қоса тербелмелі отырғышты жасаған Бенджамин Франклин келген. Бала кезінде Франклин өте дарынды болған. Төменде балалар ойлап тапқан бірнеше өнертабыстарды ұсынамыз.

Қар кешкіш көлік

Солтүстік Канаданың жас тұрғыны Жозеф Арман Бомбардье қалың қарда жүретін көлік ойлап тапқан. Мұндай жаңалықты ашуға оның әкесі сыйлаған ескі Форд көлігі себеп болған. Көлік жағдайының нашар болғаны сондай, Жозеф оны бөлшектеп тастауға бел буады. Көлік бөлшектерінен жас жігіт қар кешкіш көлік жасайды. Уақыт өте келе Бомбардье ұшақ, қар кешкіш көлік және басқа да техника шығаратын компания ашады.

Батут

Батутты Американдық 16 жасар гимнаст Джон Ниссен ойлап тапқан. Ол оны өз ауласында жасап, жақын жерде орналасқан мектептердің тапсырысы бойынша құрып отырған. Бұл жаңа «батутта секіру» спортының пайда болуына негіз болды.

Жеміс мұз балмұздағы

Бір күні Фрэнк Эпперсон ауласында жеміс шырыны құйылған түтігі бар стаканды ұмытып кетеді. Ертесіне мұздатылған тәтті сусынды байқайды. Жеміс балмұздақтарын шығару ойы 18 жылдан соң іске асады. Кәмелеттік жасқа толған Фрэнк жеміс балмұздақтарын шығаратын және сататын дүкен ашады.

Зағиптарға арналған әліпби

Балалар тек оңай дүниелер ойлап табады деген қате пікір қалыптаспасүшін келесі ақпаратқа назар аударыңыз. 15 жасар Луи Брайль зағип жандарға арналған әліпби ойлап тапқан. Бұл әліпби әскери адамдардың түнгі уақытта хат алмасуында қолданылатын әліпби негізінде жасалған.

Қатерлі ісік ауруын анықтайтын құрал

Джек Андраке өкпе, аналық без және ұйқы безінің қатерлі ісігін анықтаудың ерекше қолжетімді тәсілін ойлап тапқан кезде 15 жаста болатын. Қазір мұндай ауруды тексеру үшін тек қана қан құрамындағы қант деңгейін өлшейтін глюкометр секілді құралды қолдану жеткілікті. Демек, ауру анықталған жағдайда мұндай диагнозды арзан әрі жылдам білуге болады. Осы жаңалығы үшін американдық оқушы Гордон Мур жүлдесіне және «Intel International Science and Engineering Fair» халықаралық ғылыми жәрмеңкесінде бас жүлдеге ие болды.