Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанаға әлемнің ең ірі 20 кітапхана өкілдері келді

Астанаға әлемнің ең ірі 20 кітапхана өкілдері келді
Астананың 20 жылдығына арналған «Әлем астаналарының шежіресі» атты Халықаралық көрме аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі «Қазақстан астаналарының тарихы туралы сирек кітаптар» көрмесін дайындады.
Көрмеде 1920 жылдан 1950 жылға дейін Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Мәскеу қалаларында жарық көрген 100-ден астам ерекше кітаптар, мерзімді басылымдар, Қазақстан астаналары тарихының жекелеген кезеңдері көрсетілді. Ал ҚР Ұлттық мұрағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 1 стеллаж материалдарын дайындады (елорданы Астанаға ауыстыру туралы 30-дан астам мемлекеттік құжаттарының көшірмелері). Төменгі тізімде 77 сирек кітаптар орналасқан. Қазақстанның Ұлттық кітапханасы (Алматы қ.) және Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қаланың тарихы туралы 200-ден астам дерек көздерін (сирек және бағалы кітаптар) әкелді.
Көрмеде Амброзиана кітапханасының (Италия) құнды үш қолжазбаларының көшірмелері ұсынылды:
• Леонардо да Винчидің басты көмекшілері – Ренессанс дәуірінің ұлы математигі Лука Пачолидің «De Divina Proportione»;
• Симон Мартинидің миниатюралары бар 4-5 ғасырдағы ежелгі грек кодексі «Ильяс-Пикта»;
• Франческо Петрарканың Вергилия жұмыстары бар қолжазбасы.
Іс-шараны іске асыру барысында әлемнің ірі кітапханалары Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап астаналарды көшірудің әлемдік хроникасы туралы, әлем елдерінің тарихын анықтауға үлес қосқан шығармалар мен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысы бар жазба мұралар туралы мол мағлұмат беретін сирек басылымдар мен фотоколлекциялардан құралатын деректі көрмелер ұйымдастырылды.

Халықаралық көрмені өткізу халықаралық мәдени алмасу мен мәдениеттер диалогын одан әрі дамыту және кітапханааралық ынтымақтастықты жеделдету үшін ақпараттық ресурстарды жинақтауға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

Халықаралық көрме аясында мынадай номинациялар бойынша Байқау ұйымдастырылды:
Астана туралы ең жақсы сурет;
 • Астана туралы ең үздік көркем кітап.
Халықаралық көрменің нәтижелері ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-танымдық «Библиотечный вестник» - «Кітапхана хабаршысы» және басқа ресейлік және шетелдік журналдарда жарияланды.
Аталмыш іс-шара кітапханалар арасындағы мәдени, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайта отырып, сондай-ақ кәсіби дамудың маңызды кезеңі болып табылады.
Халықаралық көрменің жұмысында пленарлық отырыстар мен кітапхана бизнесі туралы өзекті мәселелер бойынша секциялар жұмысы, сондай-ақ, ғалымдармен, ақындармен және жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізілді.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, филология ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Амброзиана кітапханасының ғылыми хатшысы Эдуардо Канетта, (Милан қаласы, Италия), Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бородавкин Алексей Николаевич, Өзбекстан мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Саидикрам Ниязходжаев, Германия мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева, Түркісой халықаралық ұйымының бас директорыДүйсен Қасейінов, (Стамбул қаласы, Түркия)«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және т.б. қатысты
Сондай-ақ, іс-шараға ТМД және әлем елдері ұлттық кітапханаларының жетекшілері, Қазақстанның ұлттық және аймақтық кітапханалары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, баспагерлер, мемлекеттік мәдениет, білім және ғылым институттарының жауапты қызметкерлері, кітапханашылар және т.б. шақырылған.