Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айдын Байыс: Мен армандаған әдеби орта 60 жылдардағы Алматыда еді...

Айдын Байыс: Мен армандаған әдеби орта 60  жылдардағы Алматыда еді...
Айдын Байысты әдеби ортадан көп кезіктіре алмайсың. Себебі, қаламгер бос уақытын кітапханада өткізгенді дұрыс көреді.

Табиғатта серуендеп, жалғыз жүрген сәттер жас ақынның жан қалауы. Оның ойынша, поэзия - жалғыздықта жазылады.

Бірақ, қаламгер «жалғыз шапқан ат жүйрік болмайтынын» біледі. Сондықтан, қатарластарымен санасады, аға буыннан ақыл сұрайды.

Бұл туралы ақын Қазақ радиосындағы «Қауырсын ғалам» бағдарламасында айтты. 

«Мен аңсаған әдеби орта 60 жылдардағы Алматы еді. Сол сәт қазақ әдебиетінің алтын дәуірі. Қазіргі біздің әдеби ортаны бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жермен көктей. Бірен-саран ағаларым бар, ақыл сұрайтын. Сіңіп кеттім деп айта алмаймын»,- дейді жас ақын.
Айта кетейік, Айдын Байыс – 1994 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Көлік-Энергетика факультетін тәмамдаған. Өлеңдері «Балқаш аймақтық ақындар антологиясына», «Арқадағы арда жыр» жинақтарына енген.