Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада «Kadex-2018» халықаралық қару-жарақ көрмесі өтуде

Астанада «Kadex-2018» халықаралық қару-жарақ көрмесі өтуде
2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді.
 
Бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме. Оған Халықаралық қорғаныс министрліктері мен алыс-жақын шетелдік ірі кәсіпорын жетекшілері қатысуда.

«KADEX-2018» қонақтары қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сондай-ақ түрлі елдің ғылыми жаңалықтары да көпшіліктің назарына ұсынылмақ. Сонымен қатар ашық алаңда құрлық, әуе және ұшқышсыз техника жұмысын қызықтауға болады. 

Көрмеде Қытай, Ресей, Түркия, Белорусь, Израиль, Италия секілді 28 елдің кәсіпорындары әскери киім-кешектен бастап, тапанша, мылтық пен жаудың көзін лезде жоятын қуатты техникаларды жұрт назарына ұсынуда. Мұнда техниканың озық түрін делдалсыз жеңілдікпен сатып алуға болады.

Кешеден бастап қару-жарақ саудасы қыза түсіп, жүздеген миллиондарға келісім-шарттар жасалды. Ал, сенбі жексенбі күндері осы әскери техниканың сан түрін астаналықтар келіп тамашалай алады.