Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жастар дәстүрлі әнді айтпаса да, сағынатындай болу керек

Жастар дәстүрлі әнді айтпаса да, сағынатындай болу керек
Бұрыңғы әншілер қазақы отбасында дүниеге келіп, ұлттық дәстүрді бойына сіңірген азаматтар. Ал, қазіргі жастар мектеп табалдырығынан бастап бойына тек эстрада жанрындағы әнді сіңіріп, шетелдің әуенінің жетегінде кетіп жатыр. Дәстүрлі ән тыңдарманды неге еліте алмауда?

Шалқар радиосы «Сын мен шын» бағдарламасының қонағы – әнші Мұратбек Сарбасов бұл сұраққа былай деп жауап берді:

«Мектеп жүйесіне нотаның орнына қазақы күйлерді тыңдатып, Ақан Сері мен Біржан салдың әндерін бойларына сіңдіру қажет. Тіпті мектеп қабырғасында емес, балабақшадан бастау керек. Оларды күймен қызықтырып, тарихын айту керек. Одан кейін, мектепте музыка сабақтарында нота білмейтін балаға нота үйретіп жатады. Ол нотадан хабары жоқ баладан болашақта дым өңбейді. Сол себепті ұлттық дәстүрді бойына сіңіріп, келешекте өзі айтпаса да оны сағынып, жанындағылардан сол әнді сұрайтындай деңгейге жеткізуіміз керек» – дейді әнші.