Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр күні - республикамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Елбасының жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 1997 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр.


Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. 

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. 

Ашаршылық кезінде төмендегідей қарсылықтар болды: 

1929-1931жылдар – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы). 

1930 жылы ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды). 


Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады. 

Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді. 

1931 жыл. Көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды. 

«Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды. 

1933 жыл. Наурыз – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды. 

Республика аумағында 1929-1931 жылдар аралығында ұжымдастыруға қарсы 372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан (Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916 жылы көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды).