Қымыз күнін тойлайық

Жылқы – төрт түліктің ішіндегі ең мықтысы, қазаққа ең жақыны. Қазақтың ата кәсібі – жылқы өсіру, - дейді Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің жанындағы ғылыми-техникалық кеңес мүшесі Ыбыналиев Дүйсенбек Қазақ радиосындағы «Аграрлы қазақстан» хабарына берген сұхбатында.
Еліміздің орталық және солтүстік аймақтарында «Жаңаарқа қымызы» және оңтүстікте пайда болған «Хан қымыз» бренді ел арасында танылуда. Ресейдің Якутия өңірінде өткен қымызға арналған халықаралық фестивальда «Хан қымыз» жеңімпаз атанып, отандық қымыз өнімінің осал еместігін көрсетті.

«Бірнеше қымыз брендтерінің пайда болуы қуанышты дүние, алайда, орталық не солтүстік деп бөліп жармай, «Қазақ қымыз» деп, ұлттық бір брендпен танылсақ дұрыс деп ойлаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «қымыз немістікі» деген сынды тартыс сөздерді де естідік. Біз 2013 жылы Тараз мемлекеттік университетіндегі ғалымдардың көмегімен акредитацияланған зертханаларда жұмыс істеп, қазақ қымызының сақтаулығын 60 күнге негіздеп және қымыздың жасалу жолдарын өзіміздің ата-бабаларымыздан жеткен әдістерді қолданып, патентті алдық. Патент бізде, қымыз қазақтікі.
Қымыздың дәмділігі қандай қасиеттермен өлшенеді деген сауалды көп естимін. Қымыз майлылығымен және пісуімен дәмді болады. Қымыздың жақсы пісуі үшін оны жақсылап араластырған керек. Мен күбінің қызметін атқаратын, минутына 76 рет араластыратын құрылғы ойлап таптым.
Көпшілік қымызды сусын дейді, бұл қате анықтама, қымыз – емдік қасиеті бар ұлттық тағам. Мысалы, биенің сүті аллергияны 10 күнде емдеп жазады. Кейде немістерде «Сыра күні», жапон халқында «Шәй күні» деген бар, неге бізде «Қымыз күні» болмасқа деп ойлаймын. Қымызды әлемдік деңгейге шығару өз қолымызда», - дейді профессор.