Ибрагим Ескендір өз жеңісін тілдің мәртебесін асқақтатуға арнады
Кәсіпқой боксқа келген белгілі әнші Ибрагим Ескендір ресейлік Дмитрий Антиповпен кездесіп, екінші раунда нокаутпен жеңді. Қазақстандық инста желісінде бұл жеңісін қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуға арнағанын айтты.
«Мәскеу төріндегі жеңісімді қастерлі Қазақ тілімнің мәртебесін асқақтатуға арнадым.
Кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізген тәжірибелі Антиповты жеңуім бірінші Алланың, екінші дана қазағымның тілегі, қолдауы деп білем.
Жекпе-жекке дайындаған Жеке бапкерім ЖалғасТөкешевке және осы жекпе-жекке дайындаған Ернұр Жаңабаев бауырларыма алғысым шексіз.
Тіл, Намыс, Руx - Қазақтың болмысы! Алға Алашым!».
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 3 кездесу өткізіп, соның үшеуінде де нокаутпен жеңген.