«Яндекс. Таксиде» автоматты аудармашы пайда болды

«Яндекс.Такси» мобильді қосымшасында автоматты аудармашы пайда болды.
Енді, «Яндекс.Таксиде» жүргізуші мен шетелдік жолаушы арасындағы хабарламаларды аудармашы лезде аударатын болды. Компания сайтында жаңа функция 95 тілде жұмыс істейді делінген.
Қосымша, аударма тілін автоматты түрде анықтайды. Жүргізуші жолдан ауытқымау үшін қажетті мәтінді дыбыстау арқылы жолаушымен тілдеседі. Функция «Яндекс» қызметі жұмыс істейтін барлық қалалар мен елдерде қол жетімді.
Ақпарат Қазақ Радиосының «Қай тех» хабарында айтылды.