Смартфондардың сіз ойламаған зияны
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына қарасты қатерлі ісікті зерттеу орталығы (IARC) телефонның қатерлік ісікке шалдықтыратынын және қатерлі ми өспесіне душар ететіні жайлы тұңғыш рет хабарлады.
Осы мәлімдемеден кейін бүкіл әлем жұртшылығы мен ғалымдары телефон радиациясына өте жоғары деңгейде назар аудара бастады. Ұйым жауаптысы Кристофер Уайлдтың айтуынша радиация тарату деңгейі бойынша қалта телефондары ең алдыңғы қатарда тұр екен. Сол себепті, телефон қолданудағы басты назарға алуға тиісті бірнеше мәліметтерді ұсынды.
Құлаққап арқылы сөйлесіңіз
Телефонмен құлаққап арқылы сөйлескенде радиацияны толық жойып жібермесе де, телефонды бастан алшақ ұстап, зиянды айтарлықтай азайтуға болады.
Телефонды жабық орындарда қолданбаңыз
Лифт, пойыз және метро сияқты жабық орындарда телефонды қолданбағаныңыз дұрыс. Мұндай орындарда телефон желісімен байланыс өте әлсіз болғандықтан, оның тарататын радиациясы да көп болады.
Байланыс нашар уақытта қолданбаңыз
Байланыс нашар кезде немесе көлікте келе жатқанда телефонмен сөйлеспеген дұрыс. Мұндай уақытта радиация өте жоғары болады.
Ұзақ уақыт сөйлеспеуге тырысыңыз
Телефонмен сөйлесу уақыты екі минуттан асқаннан кезде оның әсерінен пайда болған толқын миға зияға келтіреді.
Смартфондардың радиациясы тіпті де жоғары
Қарапайым телефон мен смартфонның радиация тарату мөлшерін салыстырғанда смартфонның зияны басымырақ. Смартфондағы әртүрлі бағдарламаларда бір мезетте ақпарат алмасу жүреді. Бұл жағдай радиация мөлшерін әдеттегіден еселеп жібереді. Сондықтан, телефонды сөйлесу кезінде интернет желісінен ажыратып қою ләзім.
Нөмірді тергеннен кейін телефонды құлақтан алшақ ұстаңыз
Қоңырау жалғанып жатқан сәтте оның радиациясы ең жоғары деңгейде болады. Сондықтан, қоңырау шалғанда қарсы жақ қоңырауды қабылдағаннан кейін барып тұтқаны құлаққа жақындатыңыз.
Телефонды жанқалтаға салмаңыз
Зерттеулер нәтижесі бойынша, телефонды үнемі шалбарының қалтасына салып жүретін ер адамдардың ұрық мөлшері қалыпты жағдайдан 25% аз болады екен. Телефон радиациясының адам денсаулығына тигізетін зияны түрліше десек, ер адамға зияны тіпті де ауыр екені белгілі болған.
Телефонды жатын бөлмеге қоймаңыз
Бүгінгі таңда телефонды жатын бөлмеге ғана емес, тіпті, жастықтың астына қою әдетке айналған. Қатерлі ісік ауруының пайда болуын жылдамдататын себептердің бірі ретінде телефонды ұйықтағанда бас жағына қою екен. Оның үстіне адамның ұйқысы да бұзылады.
Дереккөз: Muftyat.kz