Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шілде айында күн ыстық болады

Шілде айында күн ыстық болады

«Қазгидромет» РМК шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

 

Айдың басында Қазақстанның батыс бөлігінде ыстық (+35+43°С) әрі құрғақ ауа райы сақталады.

 

Дегенмен, Қазақстанның өзге өңірлерінде солтүстік-батыс ауа ағынына байланысты қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады, желдің жиі-жиі соғуы мүмкін.

 

Келесі аптаның ортасында республиканың батысына қарай жылжыған біршама ылғалды әрі жаңа ауа ағыны ауа температурасының аздап төмендеуіне септігін тигізеді. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде күннің ысуына байланысты нағыз жазғы ауа райы орнап, ауа температурасы солтүстік облыстарда +28+35°С, оңтүстік өңірлерде +35+43°С төңірегінде болады.

 

Шілденің екінші онкүндігінің басында солтүстік өңірлердегі белсенді циклонның ықпалына байланысты, күн жауын-шашынды болып, ауа температурасы климаттық нормадан төмендеуі ықтимал.

 

Айдың екінші жартысында елдің бастысында негізінен ыстық әрі құрғақ, ал шығыста салқындау, жаңбырлы ауа райы байқалады.

 

Қорыта  айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында шілде айындағы орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1...2°С жоғары, ал республиканың қалған облыстарында нормаға жуық болады.

 

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында жауын-шашынның айлық мөлшері климаттық нормадан аз, ал басқа өңірлерде нормаға жуық болады.

 

Айта кетейік, ауа райының консультативтік болжамына синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты, түзету енгізіліп отыруы мүмкін.