Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру басталады

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру басталады

Жақын күндері еліміздегі екінші деңгейлі банктер «7-20-25»  бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беруді бастайды. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері «Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.


Мемлекет басшысы бастамаларының орындалу барысын қадағалауға жетекші саяси ұйым да жауапты. Сондықтан партия өқілдері жөнді істерді тағы да талқы таразысына салып отыр. Айта кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Сол арқылы бес бастаманың бірі белсенді жүзеге асырылуы тиіс.


«Әр бастаманы біз нақты халыққа көрінетіндей қылып, қай жерде қандай іс басталды, соны әрі қарай жұмысымызбен жауапты адамдар өз жұмысын айту керек», - деді «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов.