Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

«Ауылына қарап азаматын таны» деп халқымыз бекер айтпаған. Алтын бесігіне жақсылығын асырып жүрген тағы бір азамат олимпиаданың тұңғыш чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері – Жақсылық Үшкемпір.


Ел ағасының айналасына қамқорлығы туралы бұған дейін де айтқанбыз. Жомарт жан туған жеріндегі жас жұбайларға 50 пәтерлі үй беріп, ауыл бүлдіршіндеріне балабақша, 200 орындық спорт кешенін салып берген еді. Өз кезегінде Мемлекет басшысы да спорттағы еңбегімен еленіп қоймай, туған жерінің тұғырлы болуына қосқан үлесін көпке үлгі ретінде атап өтті.

Әр салада есімі елге мәлім тұлғалардың жастарға, туған өлкесіне жасаған қамқорлықтары қашан да көпке үлгі. Жақсының жақсылығын айта жүрейік. Ең бастысы қайырымның үлкен-кішісі, игіліктің ерте-кеші жоқ екенін ұмытпайық.

Толығырақ Қазақ радиосының "Атымтай" бағдарламасының аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар. "Атымтай" бағдарламасы әр аптаның жұма күні сағат 9:30-да (қайталауы 13:30-да) Қазақ радиосының эфирінен беріледі.