Әлемде көлік кептелісімен қалай күреседі?

Күн ыстықта көлік кептелісінде тұру кімге де болса
ұнамайды. Астана басшылығы айналма жолдар салып, қоғамдық көлікке арнайы жолақ
бөліп, көлік кептелісі мәселесін шешуге тырысқан. Дегенмен, бұл сұрақ әлі толық
шешімін тапқан жоқ. Әлемнің өзге елдерінде бұл мәселені қалай шешеді?
Көлік кептелісі
Германия үшін басты мәселелердің бірі. Мұнда кей қалаларда 1000 тұрғынға 600
көліктен келеді. Немістер көлік кептелісімен күресудің үш жолын тапты:
Бірінші жолы – жұмыс
уақытын ауыстыру. Бұрын Берлиннің барлық тұрғыны бір уақытта, яғни таңғы 8:00-де
жұмысқа барып, кешкі 17:00-де оралатын. Қазір жұмыс уақыты әр жерде әртүрлі,
бір жерде 7:00-де, екінші жерде 8:00-де болса, келесі бір жерде 9:00-де.
Сәйкесінше, жұмыстан қайту уақыты да әртүрлі. Испания да осы әдісті қолданады.
Екінші жолы – жеке
көлікпен емес, қоғамдық көлікпен жүру. Орта есеппен 8-9 м жерге ары асса 10-15
адам тасымалдайтын 3 жеңіл автокөлік сыйса,
осы 8-9 м жерге 50-60 тасымалдайтын қоғамдық көлік те сыяды.
Үшінші жолы –
барлық бағдаршамдарды синхрондау, бұл көліктердің жылдам қозғалуына себеп
болады.
Данияда
тұрғындардың 20% жұмысқа велосипедпен барады.
Англияда қала
орталығын көліктерден босату үшін кейбір жолдар ақылы. Сондай-ақ, көпшілік
жерде көлікті 2 сағаттан артық қоюға болмайды деген тәртіп бар. Белгіленген
уақыттан асса, эвакуатор көлікті алып кетеді. Осындай шаралардың нәтижесінде
Лондонда көлік кептелісі 40% азайған.
Америкада көлік
кептелісіне қатысты сұрақтарды зерттейтін арнайы ғылыми институт бар. Бұл жерде
де қоғамдық көлікке көңіл бөлінеді, оған қоса, метро жақсы дамыған.
Қытайда жылына
тек 240 мың көлікті тіркеуге рұқсат берілген. Мұнда жүк пен жолаушы
тасымалдайтын туннельдер жүйесі жақсы дамыған.
Оңтүстік Корея мен Израильде көше бойында көлік кептелісін көрсететін арнайы плакаттар орналастырылған. Сондай-ақ, радиодан әр сағат сайын көлік кептелісіне байланысты ақпарат та айтылады.
Ақпарат Қазақ
радиосының «Өз сөзім» хабарында айтылды. Толық ақпаратты хабардың аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар.