Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлі-зайыпты ажырасқанда бала қай жағдайда әкесімен қалады?

Ерлі-зайыпты ажырасқанда бала қай жағдайда әкесімен қалады?

«Ерлі-зайыпты ажырасқан сәтте нақты не әкесімен, не шешесімен қалады деп айта алмаймыз. Бұл сұрақты кәмелет жасына толмағандар жөніндегі сот шешеді. Мұндай сұрақтар шешілген кезде жеке адамның адамгершілік қасиетіне, материалдық жағдайына, жұмыс орнына, кәмелет жасқа толмаған баланың әкесіне, шешесіне деген үйірлігі, ата-аналарына деген көзқарасына байланысты жан-жақты қарастырылып шешіледі»,- дейді Астана қаласы адвокаттар алқасының қорғаушысы Арайлым Қамбарқызы Шалқар радиосының «Өнегелі отбасы» хабарына берген сұхбатында.

«Мен сізге нақты жауап берейін. Бала мынадай жағдайда әкесімен қалады: Егер, шешесі баласына қарамай, нашақорлыққа, ішімдікке жақын болса, жұмысы болмаса, әкесінде қалады. Бірақ, неше түрлі отбасы бар. Жан жақты, жеке-жеке, әр отбасыға, әр балаға байланысты шешім қабылданады. Сот шешімдерінің барлығы балалардың мүддесін негізге ала отырып, тек қана баланың жағдайын ойлап шешім шығарады. Ал, егер бала 10 жасқа толса, онда бала шешімді өзі қабылдайды. Келіп, сотқа пікірін білдіріп, әкеммен немесе шешеммен қаламын деп өз ойын еркін айта алады»,- дейді маман.