Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Таң сыры әнінің тарихы

Таң сыры әнінің тарихы

Музарт тобының орындауындағы «Таң сыры» әнінің тарихын Қырғыз елінің әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Тоқтағұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Манас» орденінің ковалері  Саламат Садыкова Шалқар радиосының «Таңжарық» бағдарламасында айтып берді.

«Таң сыры» аңызға айналған жырлардың бірі. Бір қызығы таң сырының сөзін жазған адам ақын емес. Ол белгілі архитектор. Әнге арқау болған қырғыздың сұлу қызы. Ол қызға қырғыздың үш азаматы сезімін білдіріп, ғашық болады. Ал, қыз әкесінің қызметіне байланысты 15 жылға Жапон еліне кетеді. Сол 15 жыл аралығында сезімге берік болған бір-ақ азамат қыз елге оралғанда оның қилы тағдырына қарамастан жар етіп алады.

Әнін жазған қырғыздың белгілі композиторы Қырғыз Республикасының әртісі, «Тоқтағұл» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Сардарбек Жұмалиев. Қазіргі таңда қырғыз мемлекеттік филармониясында қызмет етеді», - деді әнші. 

Қазақ радиосының штаттан тыс қызметкері,

Әйгерім Рақымжанқызы.