Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мерейлі де мейрімді отбасы

Мерейлі де мейрімді отбасы

 

Биылғы жыл еншісіндегі Талдықорған облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары ерекше мейірімді жандар. Олар балалар үйіндегі жеті балапанға ата-ананың жан жылуын сыйлаған Кәрібаевтар жанұясы.

Екі ұл тәрбиелеп отырған Біржан мен Әлия өздерінің қазақ, орыс, неміс ұлт өкілдерінің балаларын құшағына алып, үлкен әулетке айналып шыға келді.

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған мейірімді ана Әлия Кәрібаева: «Мен шынымды айтсам, қызым болса деп армандайтынмын. Қыз баланы бауырыма басамын деп барып, 7 баланы алып қайттым. Өйткені, бәрі сүйкімді, ешқайсысын бөле алмадым. Мен әр бала бақытты жанұяда тәрбиеленсе деп тілеймін. Балапандарымның ең үлкені 15 жаста, кішкентайы 5- те. Бала бауыр етім. Олардың болашағы үшін аянбай еңбек етеміз», - деп қуанышын жасыра алмады.

«Жетім көрсең жебей жүр» деп халқымыз бекер айтпаған. Кешегі зұлмат соғыс кезінде де ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға әр қазақ қамқор бола білді емес пе?! Ал сол ізгіліктің сәулесін өшірмей, бейбіт заманда балапандардың бақытты ғұмыр кешуін тілеген бұл отбасылар қандай құрметке де лайықты.

Толығырақ "Атымтай" бағдарламасынан тыңдай аласыздар.

Қазақ радиосының "Атымтай" бағдарламасы әр аптаның жұма күні сағат 9:30-да беріледі (қайталауы 13:30-да).