Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін түнде ай тұтылады

Бүгін түнде ай тұтылады
Бүгін түнде қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын тамашалай алады, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылғанын көре алады. Яғни, бұл процесс 3 сағат 56 минутқа дейін созылады.

Бұл құбылыс туралы астролог Арман Штатбаев  айтып берген еді. 

«Айдың тұтылғанына үрке қараудың қажеті жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйзеліске  ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл күні маңызды шешім қабалдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз», - дейді Арман Штатбаев. 

Астрологтар бұл құбылысты «қанды тұтылу» деп те атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін. 

Сонымен қатар, ғалымдар бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездеседі. Ендігі 2035 жылы тұспа-тұс келеді. Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туады дейді.                                                                          

Сондай-ақ, Петропавлда қызыл түске боялған Айды тамашалау үшін телескоп орнатылып та қойды.