Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ірімшіктің жүрекке берер пайдасы қандай?

Ірімшіктің жүрекке берер пайдасы қандай?

Жоғары қан қысымы, гипертония және жүрек ауруының қаупін азайту үшін мүмкіндігінше тұзды аз тұтыну қажет екенін білеміз. Сондықтан, бұл ауруларды болдырмау үшін ғалымдардың зерттеуі бойынша көп ірімшік тұтыну қажет.

 

Пенсильвания штатындағы университеттің зерттеушілері сүт өнімдері, соның ішінде ірімшіктің құрамында тұз болғанымен, оларда қорғаныш эффектісі барын айтты. Зерттеуші Лейси Александр бұл факт арқылы көптеген сүт өнімдерін тұтынатын адамдардың қан қысымы төмен екенін тілге тиек етті.

 

Ірімшіктегі ақуыздар мен қоректік заттар, тұздан туындаған қан тамырларындағы қысқа мерзімді аурулардан қорғайды. Ғалымдар үш күндік аралықта бес рет ірімшік, тұздалған сабан және соя ірімшігін еріктілерге ұсынып, жүрек-қан тамырларын тексерді. Ірімшікті жеген адамның қан қысымы жақсарса, қалған өнімдерді тұтынғандардан еш өзгеріс байқалған жоқ. Айта кету керек, барлық үш өнімде тұз мөлшері бірдей болған.