Жекеменшік мектепте бала оқыту қанша тұрады?

Алматылық оқушылар 200 мемлекеттік, 50
жекеменшік мектепте білім алып жатыр. «Жаңа оқу жылы қарсаңында жекеменшік мектепте бала оқыту
қаншалықты тиімді?» деген сұрақтарға
жауап іздеп көрейік.
Алматы мектептерінде ата-аналар ортақ қорға ақша тапсырады.
Жекеменшік мектептерде бұл міндетті
төлем.
«Ата-аналар мектепке баланың туу туралы куәлігі мен денсаулығы туралы
анықтама, фотосурет (3х4), тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама әкеліп, өтініш
жазуы тиіс», - дейді қалалық Білім беру басқармасының өкілі.
Егер ата-ана 31тамызға
дейін құжат тапсырып үлгермесе, электронды үкімет арқылы де мәселені шеше алады.
Жекеменшік
мектепте құжаттардан бөлек, өзара келісімшарт жасасады. Бүгінде Алматыда жекеменшік
мектептерде бала оқыту үшін жылына 150 мың теңгеден бастап 7 млн теңгеге
дейін жетеді.
Қазақстанда Haileybury Almaty, «Мирас» және «Достар»
халықаралық мектептері элиталық мектептер арасында көш бастап тұр. Бұл білім
ошақтарында оқушыны бір жылдық оқыту құны 8 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл тек
оқуға ғана төленетін сома, одан бөлек тестілеу мен алғашқы салым тағы бар.
Haileybury Almaty мектебі оқытушыларының айтуынша, баланы оқыту құны оның жасына қарай
өсіп отырады. «1,2-сынып оқушылары үшін оқу құны - 6 млн 646 мың теңге.
3-4 сынып оқушылары үшін оқу 1 млн теңгеге қымбаттай түседі. 7-сыныптан бастап
оқу одан әрі қымбаттайды. Себебі, қосымша тестілеу жұмыстары, емтихандар
қосылады.
Стандартты құжаттан бөлек, ата-аналар бұл мектептерге 428 мың
теңге кепілдік төлем төлеуге міндетті. Ата-аналар мектеп ауыстырған жағдайда
кепілдік соманы қайтарып алады. Жаңадан келген оқушыға 37 мың теңге төлеуге
турал келеді. Бізде британдық білім беру жүйесі бар.
Бұған тамақтану мен білім алу кіреді», - деді Haileybury Almaty мектебінің
есеп бөлімінің өкілі.
Сонымен қатар, жекеменшік мектеп оқушылары ҰБТ тапсырмайды.
Олар мектеп бітірген соң жоғары білім алуға шетелге кетеді.
Дереккөз: Қазақпарат