Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қуандық Рахым – «Оның көздері»

Қуандық Рахым – «Оның көздері»

әні: Зухриддин Мелиев

сөзі: Ринат Заитов

 

Әлемі тұнық, әдемі қылық, арулар қандай арайлы,

Балауыз шамдай, жаздағы таңдай, жүзіне сәуле тарайды.

Тамсандырып талайды, тек біреуді қалайды,

Қайран қылып, ой қалдырып, жүректі өртеп қарайды.

 

Қайырмасы:

Қыз, қыз қарады,

Қос, қос жанары,

Қас, қас қабағы, 

Мазамды алып.

Қас, қас қабағы,

Мас, мас қылады,

Барам естен танып.

 

Жүрегі жұмбақ, үнемі қымбат бағалы гауһар асылдай,

Танысқанменен, табысқанменен тұрады сыры ашылмай.

Бар айласын жасырмай, айналдырған басымды-ай,

Таң қылады, талдырады көздері оның жасындай.

 

Қайырмасы:

Қыз, қыз қарады,

Қос, қос жанары,

Қас, қас қабағы, 

Мазамды алып,

Қас, қас қабағы,

Мас, мас қылады,

Барам естен танып.