Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ең жас композитор өз шығармасын Димаш Құдайбергенге ұсынды

Ең жас композитор өз шығармасын Димаш Құдайбергенге ұсынды
Димаш Құдайбергенге ұсынылған «Анашым» атты  туындының сөзін жазған – Нұрсұлтан Сүнәділә, әні Нұрәлі Бейсеқожанікі. 

Бейсеқожа Нұрәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Құрметті Димаш аға! Менің «Анашым» атты әнімді сізге ұсынамын және сіз орындасаңыз деп армандаймын. Қабыл алыңыз!», - деп жазба қалдырды. 

«Анашым»

Әні: Бейсеқожа Нұрәлі

Сөзі: Сүнәділә Нұрсұлтан


І. Асқан шуағын шашқан,

Жастан бауырға басқан.

Анам сенің сөздеріңнен.

Нәр аламын көздеріңнен,

Ұқстата алмай өзгені мен көп саған.

Ақ таң, балам деп баққан,

Өмір, сын дәмін татқан.

Балам деген, анам дер ем,

Ізгілікті маған берген,

Жақсылықтың отын анам тек жаққан.


Қ/сы:

Адалдығың асуларға өрлеген,

Шамшырағым шуағымсың сөнбеген.

Қымбат жансың анашым-ай сен деген 

Бұлақ болдың балаңа да шөлдеген.

(2) Нұрға теңер ем, үлгі өнегең. 

ІІ. Ана біздерге пана,

Дара, әкеммен ғана.

Аялаған мәпелеген,

Бақытты бол әкемменен,

Ана деген, әке деген, бір дана.

Шерткен сырымсың көптен,

Көктен, жылуын төккен,

Тәңір берген несібемсің,

Әміріңмен өсіргенсің,

Қатем болса кешіргенсің, сыр бүккен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Нұрәлі 20-ға жуық шығармалардың авторы, соның ішінде: «Анашым», «Балалық шақ», «Қазақ вальсі», «Аққан жұлдыз» (Денис Тенге арналған) және т.б. туындылары бар.