Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойлануда

Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойлануда

Қарағанды облысында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын тойлау жалғасуда. Мерекелік шаралар 18 тамызда Ботақара ауылында өтеді.

Бұған дейін мұндай ауқымды шара ұлы тұлғаның 325 жылдығы аясында болған. «Бұқар жыраудың есімі елімізде бір ғана ауданға берілген. Сол себепті, мерекеге үлкен жауапкершілікпен дайындалу үстіндеміз. Осыған орай, облыстық коммисия құрылып, арнайы мерекелік бағдарлама дайындалды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының барлық басшылық құрамы жұмыла ат салысуда»,-дейді Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалинов.

Салтанатты шара жыраудың ескерткішіне гүл қойылып, «Баба рухына тағзым» атты мерекелік бағдарламамен шымылдығын ашады.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы «Күміс көмей әулие» атты қойылым дайындаған. Сонымен қатар, қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, қыз қуу, көкпар секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. «Осы жылғы бағдарламаға ұлттық көкпар ойынын қостық. Ал аламан бәйге 31 шақырымда өтетін болады. Біздің демеушілеріміз аталған жарыстардың бас жүлдесіне құны 15 миллионды құрайтын Toyota Prado автокөлігін тігіп отыр», - дейді аудан әкімі.

Мерекелік шараға тек Бұқар жырау ауданынан 5 мың адам қатысады деп күтілуде. Игі істі қолдауға халық артисі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Баспакова, Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әншілері, сондай-ақ,  Тәжікстаннан «Хайрулло Дадобоев» фольклорлық ансамблі келеді деп жоспарлануда.