Ерте тұрудың пайдасы

«Ерте тұрған еркектің ырысы
артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»,-деген қазақтың аталы сөзі ерте тұру
мәселесіне ықтиаттылықпен қарауға шақырады.
Ұйқыдан ерте тұрудың пайдасы көп. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің бір
жолы. Ерте тұрсаңыз алға қойған жоспарларыңызға айтарлықтай ерте белсене
кірісесіз. Уақытыңыз да жеткілікті болады. Таңмен таласа тұрып, тамаша
көңіл-күйдің бесігінде тербелесіз. Ерте тұру дағдысына басқа халықтар да
біржақты қарамайды. Ирандықтар: «Ерте тұрған адамның мақсаты да ерте тұрады» -
дейді. Олай болса, ерте тұрудың тағы да пайдалы тұстарына назар аударыңыз.
Ерте
оянудың денсаулыққа пайдасы
1. Таңғы жаттығу жасауға уақыт табылады.
2. Физикалық тұрғыдан өзіңізді белсенді сезінесің. Күні
бойы сергек жүруіңіздің кепілі.
3. Ұйқы баспайды.
4. Ерте ояну – жас көрінудің бір құпиясы. Сондай-ақ, ерте
тұрсаңыз көзіңіз іспей, көрікті көрінесіз.
5. Таңертең ерте ояну үшін, ерте ұйықтау керек. Яғни,
ерте оянсаңыз кешкісін ерте ұйықтайсыз. Бастысы, түнде тамақтанбайсыз. Ал түнде
тамақтанбай ұйықтау – арықтаудың бір жолы.
Ерте
оянудың нәтижесінде...
1. Сіз ұйқыға көп
уақытыңызды ұрлатпайсыз.
2. Атқаратын істеріңізді бір күнде толықтай орындап
шығуға уақыт табылады.
3. Ерте тұруға өз ағзаңызды да дағдыландырасыз.
Нәтижесінде оятқышсыз-ақ бір уақытта ояна беретін боласыз, және жұмысқа
кешікпейсіз.
4. Таңертең жұмыс істеу – түнде жұмыс істегеннен
әлдеқайда нәтижелі болады.
5. Барлық жаңалықты бірінші көріп, бірінші болып оқисыз.
Ерте
оянудың қарым-қатынас үшін пайдасы
1. Сіз ерте оянсаңыз, жақындарыңыз да жұмыстан кешікпейтін болады.
2. Таңертең отбасыңызбенас ішіп, басыңыздағы бақытты
сезінесіз.
3. Сізге қарап үйдегі басқа жандар да бой түзейді.
4. Жұмысқа кешікпейтін, тиянақты, жауапты тұлға ретінде
басшыңыз бен достарыңыз алдындағы беделіңіз биік болады.
Ерте оянудың тәртіп пен жұмыс үшін
пайдасы
1. Ерте оянсаңыз – балаларыңызды мектепке уақытында апарып, жұмысқа да
үлгересіз.
2. Таңертең бір күндік жоспарларыңызды реттеп, пысықтап
аласыз.
3. Кітап немесе күнделік жазуға уақыт табасыз.
5. Ерте оянсаңыз жұмысыңыз да өрге басады. Тапсырмаларды
уақытымен орындап жүретін боласыз.
Ерте
оянудың рахатын сезіну
1. Үйдегі жандар ұйықтап жатқанда тыныштықта тынығып, ой қорытасыз.
2. Сіздің күніңіз керемет көңіл-күймен басталады.
3. Таңғы салқын ауамен тыныстап, құстардың «әнін»
тыңдайсыз. Арайын шашқан күннің шапағына бөленесіз.
4. Ерте ояну – өзіңді бағалаудың бір жолы. Сол арқылы
өзіңізді жақсы көре түсесіз.
5. Ерте ояну – тынығу. Таңғы салқында серуендеп,
жаныңызға жайлылық сыйлайсыз.
Ерте тұрудың аз да болса пайдасы туралы айттық. Ал мұны
ерте тұрып сезіну – сіздің құзырыңызда. Бастысы – күн тәртібіңізді ерте оянудан
бастауды жоспарласаңыз болғаны.
Дерегіміз керегіңізге жарасын!
Ақпарат Қазақ радиосындағы «Керек дерек» хабарында
айтылды.