Атырау көпірі туралы 12 дерек

Астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір салып берді. Өткелдің құрылысына қатысты 12 деректі назарларыңызға ұсынамыз.
1. BI Group компаниясының қызметкерлері көпірді 181 күнде салды.
2.
Объект архитектурасына органикалық табиғи сәулет нысандары қолданылған. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған.
3.
Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр.
4.
Есіл өзеніне дамба салу үшін 30 мың
текше қиыршық тас әкелінген.
5.
Көпірге өрнек ретінде «Фибоначчи» заңдылығындағы «өмір гүлі» қолданылған. Ол «алтын тоғыс» деп те аталады.
6. Су кедергісіз өту үшін бөгеттің
ортасына 7 құбыр орнатылған.
7.
Құрылысқа 300 жұмысшы және 100 көлік жұмылдырылды.
8. Өткел Самал
шағын ауданын Орталық саябақ пен Амфитеатрды байланыстырады. Онда ені алты метрлік жүргіншілер жолағы, үш метрлік
веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар.
9.
Нысан құрылысына цифрлық жобалаудың заманауи әдістері пайдаланылды.
10. Көпірде Атырау
облысының символы саналатын «Каспий бекіресі» орнатылды. Композиция қоладан
жасалған.
11. Көпірді ресми түрде ашуға 4 күн қалғанда елордада жаңбыр толассыз
жауды. Құрылысшылар веложолдың төсенішін аяқтау үшін көпірді 6000 метрлік
полиэтилен үлдірмен жауап үлгерді.
12. Көпір құны 6 миллиард теңге.