Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Атырау көпірі туралы 12 дерек

Атырау көпірі туралы 12 дерек

Астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір салып берді. Өткелдің құрылысына қатысты 12 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

1. BI Group компаниясының қызметкерлері көпірді 181 күнде салды.

2. Объект архитектурасына органикалық табиғи сәулет нысандары қолданылған.   Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған.  

3. Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр.

4. Есіл өзеніне дамба  салу үшін 30 мың текше қиыршық тас әкелінген.

5. Көпірге өрнек ретінде «Фибоначчи» заңдылығындағы  «өмір гүлі» қолданылған. Ол  «алтын тоғыс» деп те аталады.

6. Су кедергісіз өту үшін бөгеттің ортасына 7 құбыр орнатылған.


7. Құрылысқа 300 жұмысшы және 100 көлік жұмылдырылды.  

8. Өткел Самал шағын ауданын Орталық саябақ пен Амфитеатрды байланыстырады. Онда ені  алты метрлік жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар.

9. Нысан құрылысына цифрлық жобалаудың заманауи әдістері пайдаланылды.

10. Көпірде Атырау облысының символы саналатын «Каспий бекіресі» орнатылды. Композиция қоладан жасалған.

11. Көпірді ресми түрде ашуға 4 күн қалғанда елордада жаңбыр толассыз жауды. Құрылысшылар веложолдың төсенішін аяқтау үшін көпірді 6000 метрлік полиэтилен үлдірмен жауап үлгерді.

12. Көпір құны 6 миллиард теңге.